{metadescription}
Таразда әкімдіктің экс-қызметкері 34 млн теңгені жымқырған
Таразда әкімдіктің экс-қызметкері 34 млн теңгені жымқырған

Таразда әкімдіктің экс-қызметкері 34 млн теңгені жымқырған

Таразда әкімдіктің бұрынғы бөлім басшысы жол жөндеуге бөлінген 34 млн теңгені жымқырғаны белгілі болды. Бұған дейін ол бағдаршамдарды жаңартуға бағытталған 116 млн теңге бюджет қаржысын талан-таражға салғаны үшін қамалған болатын.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарған азамат бұл қаржылық қылмысын осыдан екі жыл бұрын жасаған. Шенеунікке шаһардағы үш көшені орташа жөндеуден өткізу тапсырылыпты. Алайда ол жалған құжат жасап, қағаз жүзінде «құрылыс жүргізілді» деп көрсетіпті. Осылайша миллондарды мердігермен бірге бөліске салған.

Ақберген Мүлкіманов, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма бастығы:

ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, осы уақыт бойынша оларға сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тергеп-тексергенде мемлекетке келтірілген шығын толық өтелді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.