{metadescription}
Қарағанды облысында жылқылар белгісіз кеселден қырылып жатыр
Қарағанды облысында жылқылар белгісіз кеселден қырылып жатыр

Қарағанды облысында жылқылар белгісіз кеселден қырылып жатыр

Қарағанды облысында белгісіз кеселден жылқы қырылып жатыр. Ветеринарлар үсті-басы жара болып іріңдеген малдан бірнеше сынама алып зертханаға жолдаған.

Жылқының тұяқ тұсынан басталған жара жоғары көтереліп, ары қарай тыныс жолдарына жетіп баудай түсіреді. Қамбар ата тұқымы жем-шөптен қалып жатып алады. Төрткөл аулында ауырған екі жылқы осы күйінде бірнеше күн қиналып арам қатқан. Мал дәрігерлері вирусты лимфангит дертіне екі рет сынамалар алғанымен, ол расталмаған. Үшінші рет алған сынамаларды зертханаға жолдапты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, аталған кесел былтыр лимфангит анықталған көрші Үміткер ауылының малынан жұғуы мүмкін. Онда былтыр карантин жарияланып, өлген және көзі жойылған 185 жылқының ақысын мемлекет төлеген. Ал Төрткөл аулында өлген малдағы кеселдің түрі алдымен зертханада анықталуы тиіс. Өйткені өтемақы лимфангит сияқты қауіпті деген санаулы түріне ғана төленеді екен.

Қайрат Тұсынбеков, Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы:

Егер де зертхана қорытындысымен эпизоотиялық лимфангит ауруы анықталған жағдайда елдіемекенге карантин белгіленіп, карантин аясында ауырған, өлген жылқылар алынып, жойылып мал иелеріне заңнамалық тұрғыда қарастырылған нарық бағасымен өтемақы төленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде