{metadescription}
Кептелістегі көліктер трассаларды тазартуға кедергі келтіріп жатыр
Кептелістегі көліктер трассаларды тазартуға кедергі келтіріп жатыр

Кептелістегі көліктер трассаларды тазартуға кедергі келтіріп жатыр

Боран басылғанымен, еліміздің бірқатар өңірінде жол қатынасы әлі тоқтап тұр. Апта бойы кептелісте тұрған көліктер трассадағы қарды тазартуға кедергі келтіріп жатыр. Ақтөбе облысында апта бойы қар құрсауында қалған үш мыңнана аса машинаның тек жартысынан астама ғана қайта жолға шыққан. Ал Абай облысында боранда жоғалған бала табылды. Мал іздеп атқа мінген Мерей дін аман.

Ақтөбе облысында апта бойы жолда қалған жүргізушілердің де жүйкесі сыр берген. Әйтеке би ауданы маңында көлік жүргізушілері төбелесіп қалды. Жанжалдың неден шыққанын тәртіп сақшылары нақты айтпай отыр. Жабылып сабағандардың біреуі қамауға алынып, қасындағыларды іздеп жатыр.

Боран басылғанымен, кептелісте тұрған көліктер әлі толық жолға шыға алмай жатыр. Апта бұрын жол жабылғанда жүк көліктері қалай болса солай трассаға тұрып алған. Соның кесірінен енді қарды аршып, жолды тазарту қиын. Көлік кептелісі боранды күні отыз шақырымнана асқан еді. Қазір Ақтөбе мен Хромтау қалалары және Қарабұтақ ауылы арасында көліктер тек бір бағытқа ғана жүруде.

Айбол Данағұл, «Қазавтожол» ҰК Ақтөбе облысы филиалының басшысы:

Кептеліс неден? Жүк көліктерін бірнеше қатар жолдың жүріс бөлігіне қойып тастаған. Жеке-жеке сүйреп шығаруға көп уақыт жоғалтып алдық. Қар аршу мүмкіндік болмады. Қазір барлығын ретке келтіріп, қозғалыс ұйымдастырдық. Әлі күнге дейін 200-дің үстінде ауыр жүк көліктері әртүрлі себеппен бұзылып тұрғаны бар, солар кедергі келтіріп тұр.

Боранды күні Абай облысындағы Аягөз қаласында жоғалып кеткен бала табылды. Сегіз жасар Мерей мал іздеуге атпен шығып кеткен. Түс ауа оралмаған соң анасы тәртіп сақшыларынан көмек сұрайды. Оқушыны іздеуге құтқарушылар мен еріктілерден бастап, полицияның жеке құрамы түн ішінде аймақты түгел іздейді. Ақыры бала қала шетінен өзін іздеген көліктердің жарығын көріп алдынан шығыпты.

Айдана Қозыбаева, Абай облысы ПД аға инспекторы:

Полицейлер жергілікті тұрғындармен бірге елдімекеннің шетінде баламен кездесті. Боранда бала бағдарсыз болды. Боран басылғаннан кейін оны іздегендердің шамдарын көріп, Мерей осы шамдарға қарай жүрген. Қазір баланың денсаулығына еш қауіп жоқ.

Ақмола облысында соңғы үш күн бойы соққан ақтүтек боран тиісті қызметтерді аяғынан тік тұрғызды. Құтқарушылар Қорғалжын ауданында айы күні жеткен екі келіншекті ауруханаға өздері жеткізуге тура келді. Өйткені алай-дүлей бораннан жол көрінісі нашарлап көлігі жүре алмай қалған. Жүкті әйелдердің бірі кешікпей аман-есен босанып, қыз бала дүниеге келді.

Терісаққан ауылынан 11 жастағы жеткіншекте соқырішекке күдік болып, Жақсы ауданының ауруханасына төтенше жағдай қызметінің арнайы көлігімен жеткізген. Осы күні 26 адам мен бір отар қойды да бораннан аман алып шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде