{metadescription}
Жамбыл облысында балықшылардың бірі өлі табылды
Жамбыл облысында балықшылардың бірі өлі табылды

Жамбыл облысында балықшылардың бірі өлі табылды

Жамбыл облысында бір айдан бері іздестіріліп жатқан балықшылардың бірі өлі табылды. Құтқарушылар су бетіне қалқып шыққан мәйітті дронның көмегімен анықтаған.

Марқұмның денесі іздеу жұмыстары жүрген жерден бірнеше шақырым қашықтықта қалың қамыс арасынан табылды. Қазір екінші балықшыны іздеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, қаңтар айында Қарабастау ауылының екі тұрғыны Билікөлге балық аулауға шығып із-түзсіз жоғалған. Көлдегі іздеу операциясына сүңгуірлер мен арнайы техникалар да тартылды. Балықшыларды іздеуге еріктілер де атсалысуда.

Руслан Орынбеков, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Осы бір адам табылған аймақтан және тағы басқа учаскелерде іздестіру жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты кейбір кездерде іздестірілу жұмыстары тоқтатылды. Себебі жел болып, жауын-шашыны бар, сол себепті жұмыс тоқтатылып, кейде үзіліп қалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде