{metadescription}
Іле Алатауға жұқа киіммен шығып кеткен ресейлік турист құтқарылды  
Іле Алатауға жұқа киіммен шығып кеткен ресейлік турист құтқарылды  

Іле Алатауға жұқа киіммен шығып кеткен ресейлік турист құтқарылды  

Шыңды жеңіл аяқ киіммен бағындырмақ болған. Алматының тауында аяғы үсіп төмен түсе алмай қалған ресейлік турист құтқарылды.

Шетелдіктің жоғалғаны туралы хабар сенбі күні кешке түскен. Құтқарушылар ресейлік туристті бір сағаттың ішінде 2680 метр биіктіктегі "Үш ағайынды" шыңынан тауып алыпты. Ол Іле Алатау тауына еш дайындықсыз көтеріліп кеткен. Аяғында спорттық аяқ киім, бұтында джинсы. Ауыстыратын киімі де жоқ. Бірақ үсік шалып дірдектеп отырғанына қарамастан, 24 жастағы азамат дәрігерлердің көмегінен бас тартқан.

Бейсенғали Дейсебаев, Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы: 

Ол жігіттің тауда қатып қалған себептерінің бірі – аяғындағы кедыға су кіреді, жоғары көтерілгеннен кейін ауа райы күрт өзгередеді,ол биіктікте. Одан қалса қозғалмай отырып қалған. Ұзақ отырған сайын дене тепературасы түседі, суыққа шыдамай жаурай бастайды. Қайта байланыс аясы болып, бізге хабар соқты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде