{metadescription}
Уақыт белдеуіне көшу әуе, теміржол тасымалына қалай әсер етеді
Уақыт белдеуіне көшу әуе, теміржол тасымалына қалай әсер етеді

Уақыт белдеуіне көшу әуе, теміржол тасымалына қалай әсер етеді

Қазақстанның бірнеше аймағы 1 наурызда бірыңғай бесінші уақыт белдеуіне көшуі әуе және теміржол тасымалына қалай әсер етпек? Алдын ала билет алып қойған жолаушыларды қазірден қай уақытпен қатынаймыз деген сауал мазалауда. Көктемнің бірінші күнінде пойыздар сол күнгі уақытпен жүріп-тұрады.

Сара Сахынбек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілі:

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі Қазақстан Республикасында енгізілген бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес жаңартылған. Наурыз айында пойыздар жаңа кесте бойынша жүреді. Ең бастысы, жолаушылар сағатын бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстыруы керек.

Пойыздар бұл күні өз уақытымен қатынағанымен, жолаушылар ең әуелі қол сағатының тілін өзгертуді ұмытпауы керек. Ал электронды уақыт форматы барлық платформада автоматты түрде бір сағат артқа жылжиды. Тек әуе рейстеріне қатысты жағдай сәл өзгеше. Мұнда ұшу уақытын әуежайға хабарласып алдын ала біліп алған жөн. Себебі 1 наурызда ұшу ережесін әр әуе компания күнде құбылтуда.

Әзірге «Қазақ Эйр» компаниясы ғана ресми мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Жезқазған қалаларына бет алған жолаушылар 1 наурызға ауған түні билетте көрсетілген уақыттан бір сағат бұрын ұшатынын ұмытпауы қажет. Жалпы уақыт белдеуіне қатысты өзгертуді жолаушыларға SMS-хабарламалар түрінде немесе электронды пошта арқылы жолдау барлық жауапты компанияларға міндеттелді.

Махаббат Көптілеуова, ҚР Азаматтық авиация комитеті Әуе тасымалдар басқармасының басшысы:

Авиакомпанияларға және әуежайға тиісті тапсырма берілді. Жолаушыларды тиісті ақпарат жүргізу туралы тапсырма берілді. Бірінші наурыздан бастап рейстің мәртебесін анықтау үшін әуекомпанияардың колл орталықтарына немесе әуежайдың анықтама қызметіне хабарласуы қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде