{metadescription}
Жамбыл облысында қылмыстық топ жүргізуші куәлігін заңсыз жасап келген
Жамбыл облысында қылмыстық топ жүргізуші куәлігін заңсыз жасап келген

Жамбыл облысында қылмыстық топ жүргізуші куәлігін заңсыз жасап келген

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігін заңсыз жасаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Олар жылдар бойы тиісті оқу құжаты мен тәжірибесін тексерместен жүргізуші куәлігін беріп келген.

Қылмыстық топ құрамында Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары да бар екені белгілі болды. Ал жүргізуші куәлігін алып беруге көмек көрсететін делдалдыққа Түркістан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары да тартылған. Полицейлер жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегін анықтаған. Қазір құжат сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алмас Саламатов, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары:

Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан "көмекшілер" кірген. 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде