{metadescription}
Ақмола облысында жылқылар аштан өліп жатыр
Ақмола облысында жылқылар аштан өліп жатыр

Ақмола облысында жылқылар аштан өліп жатыр

Ақмола облысында тебінде жүрген жылқылар аштан өліп жатыр. Себебі қыста жауған жауыннан жер мұз болып қатып қалған. Сол себепті өрістегі жұмыртұяқтылар аш дейді жылқышылар.

Малы аштан қырылып, қолдан келер қайран таппаған жылқышының жанайқайы. Қыста жаңбыр жауып жер беті тоң болып қатып қалған. Соның салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген. Осындай жағдай өңірдегі барлық елдімекендерде қайталанып жатыр.

Биыл іш тастаған мал да көп. Ал Зеренді ауданындағы Бірлестік, Дөңгілағаш, Қоныспай ауылдарының төрт түлігі де шетінен құлап жатыр екен. Алайда аудан билігі аштан қырылып жатқан малға жем-шөп жеткізуге асығар емес дейді ашулы ауыл халқы.

Темірбек Ғалымов, жылқышы:

Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Бүкіл жылқышылардың жанайқайы бұл. Айғайы, Көмек сұраймыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде