{metadescription}
«Guru Travel». Алматыда турфирмаға алданған 50-ден астам адам ұлардай шулап отыр
«Guru Travel». Алматыда турфирмаға алданған 50-ден астам адам ұлардай шулап отыр

«Guru Travel». Алматыда турфирмаға алданған 50-ден астам адам ұлардай шулап отыр

Ванкувер мен Милан тұрмақ, мына тұрған Қытайға жете алмай отыр. Алматыда шетелге демалуға бара алмай қалған жұрт шу шығаруда. Миллиондаған қаржыдан қағылған олар енді турфирманың басшысын таба алмай жүр.

Ақшасын даулаған туристерге жолдаманы Guru Travel мекемесі беру керек болған. Бірақ әлі күнге дейін не қаражат, не саяхат жоқ. Полиция қылмыстық іс қозғаса да, лицензиясы жоқ туроператор инстраграмдағы парақшасы арқылы аңғал халықты әлі арбауына түсіруде дейді.

«Естен кетпес демалыс ұйымдастырамыз» деген турфирманың уәдесіне имандай сеніп қалған Марта Адейхан енді бармағын тістеп отыр. Құрбысы екеуі өткен жылдың қазан айында Қытайға саяхаттамақ болып тур агентікке 750 мың теңгеден төлеген.

Марта Адейхан:

Guru Travel парақшасында Қытайға деген турдың жарнамасын көріп, Карчагина Екатерина деген кісіге хабарласып сұрастық. Ол кісі «иә, тур бар, екі соңғы орын бар, соған жазылыңыздарә деді. 100 пайыз алдын ала төлем болу керек деді. Бес жүз мың, содан кейін ол кісі айтты,бұл тек турдың ақшасы, содан бөлек билеттің ақшасын төлеу керек, ол 250 мыңдай болады деді.

Туристік фирмаға Қазақстанда 50-ден астам адам алданған. Арасында Ақмола облысы, Көкшетау, Астана қалаларының тұрғындары да бар. Әрқайсысы кемі 700 мыңнан бастап 2-3 миллион теңгеге дейін төлепті. Өздерінің есептеуінше, туроператорға жалпы 80 миллион теңге санап беріпті.

Надежда Шалфеева:

Мен күйеуімнің мерейтойына сыйлығым болсын деп, өзімнің тірнектеп жинаған 2 жарым миллион теңгемді бердім. Италияға, Миланға баруымыз керек болған. Былтыр наурыз айында демалып келуіміз керек еді. Бәрі де бос сөз болды. Ақшамнан айрылдым. Инстаграмдағы Guru Travel, almaty.travels компаниясының жарнамасына алданбауларыңызды сұраймын.

Кристина Мингалева:

Мен де осы турфирманың басшысы Екатерина Корчагинаға алданғандардың бірімін. Былтыр АҚШ-қа сапарға шығуды жоспарлап, 800 мың теңге төлеген едім. Содан бері не жолдама, не ақша жоқ. Турфирмаға хабарлассақ, телефонға жауап бермейді.

Наразы топтың айтуынша, аталмыш компанияның лицензиясы жоқ екен. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмысын жалғастыруда. 

Әсемгүл Смағұлова, заңгер:

Күннен0күнге зардап шеккендер көбейіп келеді. Бүгінгі мына тізім бойынша тек қана зардап шеккендердің өзі 80 миллион теңгеге жетеді. Туристік компания болып саналмайды. Біз минстрлерге жазғанбыз, әкімдікке де жаздық. Бірақ ол кісінің лицензиясы жоқ, ешқандай рұқсаты жоқ. Тур блогер болып істейді.

Шетелге ұшамыз деген 50-ден астам адамның жоспары күл-талқан болған. Базынасын айтпақшы болып олар турфирманың кеңсесіне кіруге тырысты. Бірақ мекеме есігі тарс жабық. Басшысы бізбен тілдесуден де бас тартты. Десе де инстаграм желісі арқылы жұрттың шағымына былай жауап берген.

Екатерина Корчагина, турфирма басшысы:

Әрине, біздің мекемеде де олқылықтар болады. Кейбір жандарға виза берілмегендіктен, ұша алмай қалып жатады. Сондықтан да кешіктіріліп жатыр. Ондай жағдайда келісімшарт бойынша ақшаны қайтаруға тиіспіз. Ал қаражатты кешіктіріп беретін кездеріміз де болады.

Әйтсе де Алматы полиция департаменті турфирмаға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. «Алаяқтық» бабы бойынша іс тергеліп жатыр. Алданғандардың сотқа дейінгі арыз-шағымы да қаралып жатқан көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.