{metadescription}
Лотереядан 130 миллион ұтқан адам олжасын алуға келмей, ақша кері қайтарылды
Лотереядан 130 миллион ұтқан адам олжасын алуға келмей, ақша кері қайтарылды

Лотереядан 130 миллион ұтқан адам олжасын алуға келмей, ақша кері қайтарылды

Лотереядан 130 млн теңге ұтып алған қазақстандық олжасын алуға келмеген. Жеңімпаз жарты жылға жуық уақыт төбе көрсетпегендіктен, ақша мемлекеттік бюджетке кері қайтарылыпты.

Жалпы асығы алшысынан түсіп, лотереядан қомақты ұтыс жеңгендер өзін жария етуден мүлдем бас тартады дейді Спорт және туризм министрлігі. Тіптен ақша алуға келуінің өзі бір рәсім екен. Қара көзілдірік пен бетперде айнымас атрибуттардың бірі. Сұхбат бермейді, естелік фотоға түсуден мүлдем бас тарды. Басты себебі түріміз көрінсе, қарыз сұрайтын ағайын-туыс нөпірінен жүре алмай қаламыз деп қорқатын көрінеді. Еліміз бойынша биылдың өзінде лотерея өнімдерінің жүлде қоры 305 миллиард теңгені құрапты.

Мирас Төлебаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:

Лотерея жеңімпаздарының көбі инкогнито болып қалғысы келеді, сұхбат бермейді, фотосессиялардан бас тартады және ұтыс сомасы мен жеке деректері жария етілген жағдайда сотқа беремін деп, жариялаудан қашады. Адамдар ұтып алуға келген кезде бетперде мен көзілдірік киіп келген жағдайлар болды. Олар өміріне қауіп төне ме деп қорқады. Басқалар қарызға ақша сұрайды деп, айтқысы келмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде