{metadescription}
Бектенбай Қосынов атындағы мектепте өткен шараға 200-ге жуық әке қатысты
Бектенбай Қосынов атындағы мектепте өткен шараға 200-ге жуық әке қатысты

Бектенбай Қосынов атындағы мектепте өткен шараға 200-ге жуық әке қатысты

Рухы биік әкелер – ұлт болашағын мәпелер. Ұрпақ тәрбиесіне терең мән берген Алматы облысындағы Бектенбай Қосынов атындағы мектепте қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – отбасы құндылығы туралы семинар өтті.

Дәурен Саусақбаев, Б.Қосынов атындағы орта мектептің директоры:

Өтіп жатқан іс-шараның маңызы өте зор деп ойлаймын. Өйткені қазір қоғамда ата-ана мен мектеп балалары арасында көптеген қайшылық болып жатыр. Мемлекетіміздің іргесі дұрыс болуы үшін саналы ұрпақ тәрбиелеу біздің азаматтық міндетіміз.

Іс-шараның мақсаты – әкенің отбасындағы рөлі. Бұл заманда қит етсе ажырасып кететін жанұялар мен Батысқа еліктеп, есіріп кеткендер көбейген. Ұлттық құндылықтарды жоғалтып алмас үшін ұйымдастырылған семинарға 200-ге жуық әке қатысты. Жеткіншектер топпен де, жеке-жеке де әке туралы ән шырқады. Ағаш өңдеу өнерін де паш етті. Мағынасы терең мұндай шара енді жиі өткізіліп тұрады дейді мектептегілер.

Гүлнар Нұртазақызы, Қарасай ауданы білім бөлімінің маманы:

Жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды насихаттау біздің білім саласына қойған ең басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты — әке тәрбиесі арқылы ұлт болмысын қалыптастыру. Ұмытылып, естен кетіп бара жатқан дәстүрді қайта жаңғырту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде