{metadescription}
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Щучье тұрғыны тергеліп жатыр
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Щучье тұрғыны тергеліп жатыр

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Щучье тұрғыны тергеліп жатыр

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жұдырық жұмсаған жігіт ұсталды. Ол шақырту алып науқасқа асығып бара жатқан көлікке жанармай бекетінде жол бермей төбелес шығарған. 

Сапура Базарбекова, Ақмола облысы жедел медициналық жәрдем станциясының бөлім басшысы:

Жүргізушінің денесінде жарақаттар бар. Жедел жәрдем көлігіне жол бермей, кес-кестеп кедергі келтірген. Ескертуді елемей, бас салып төбелес шығарған. Жүргізуші соған қарамастан жұмысын жалғастырып жатыр.

Оқиға Щучьедегі жанармай бекетінде болған. «Тойота лэнд крузер» мінген азамат 103 көлігін көрсе де, оған жол бермеген. Тіпті көлігінен түсіп, жедел жәрдемнің жүргізушісінің жағасына жармасқан. Жұдырық жұмсай бастағанда фельдшер мен бекет қызметшісі ажыратып алыпты. Төбелесте 57 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі басынан, бет аузынан соққы алады.Соған қарамастан үйінде кенеттен құлап, аяғын сындырған науқасқа барып медициналық көмек көрсетуге үлгерген. Қазір жұмысында. Ал жұдырығы жуан Щучье қаласының 43 жастағы тұрғынына қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Полиция қызметкерлері аталмыш оқиғаға қатысы бар Щучье қаласының тұрғынын ұстады. «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Болған жағдай жан-жақты тергелетін болады. Медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.