Астанада қыздың басынан ұрып буындырған қаскөй ұсталды
Астанада екі кештің арасында көшеде кетіп бара жатқан қызды әуелі басынан ұрып, кейін тұншықтырған қаскөй ұсталды. 35 жастағы күдікті Семейге қашып үлгеріпті.
Автор: Айжан Шамшидин
13.02.2024
Шабуылдың қалай болғаны тұрғын үйдің бақылау камераларына түсіп қалған. Көліктердің жанына бой тасалаған қаскөйдің басты мақсаты — төңіректегі адамдарды тонап, тиын-тебен табу болған. Алайда қатты айқайға басқан қыздың даусынан үрейленген ол бойжеткенді тонап қана қоймай, үнін өшіру үшін буындырыпты. Іле-шала із суытқан ұры Астанадан да бой тасалап үлгерген. Қаскөйдің ізіне түскен полицейлер оны Семейге жеткен жерінде қолға түсірді.
Диас Тоқатов, Алматы ауданы ПБ бастығы:
— Астана қаласыныңПД әйелге жасалған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел қызметкерлер елордадан кеткен күдіктінің жеке басын анықтады. Жеке құрам ер адамды іздеуге және ұстауға бағытталды. Бағдар еліміздің барлық өңіріне жіберілді. Нәтижесінде әріптестері Абай облысы Семей қаласына кірген кезде ұстады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!