{metadescription}
Елімізде қосымша құн салығы көтерілмейтін болды
Елімізде қосымша құн салығы көтерілмейтін болды

Елімізде қосымша құн салығы көтерілмейтін болды

Елімізде қосымша құн салығы көтерілмейтін болды. Жаңа Үкіметтің алғашқы отырысында мұндай салық саясатын президент сынаған-ды. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет қазынасын толтырудың өзге көздерін табамыз деді. Бұған дейін қосымша құн салығын қазіргі 12-ден 16 пайызға дейін көтеру көзделген болатын.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қосылған құн салығының мөлшерлемесі, яғни ҚҚС көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек. Ұлттық экономика және қаржы министрліктері республикалық бюджеттің шығыс-кірісін де сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі қажет. Мұнда ең алдымен цифрландыру есебінен салық және кеден әкімшілендіруін жетілдіруге пәрменді шаралар қабылдау маңызды.

Қаржы министрі соңғы бір жарым жылда елімізде жаңа салық кодексінің жобасы талқыланып жатқанын еске салды. Қосымша құн салығын 16 пайызға дейін көтеру де осы заң аясында ұсынылған-ды. Үкімет енді бұл жоспарын өзгертетін болды. Салықты көтерудің еш қажеті жоқ, бұл бизнес пен қоғамға кері әсерін тигізуі мүмкін дейді жаңа қаржы министрі. Сондай-ақ инфляцияның артуына да әкеп соғады екен. 

Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:

Қосымша құн салығын көтерсек, бюджетке, сарапшылардың айтуы мен зерттеуі бойынша 2 трлн теңгедей ақша түсу керек еді. Ол бір жағынан бизнеске қосымша құн салығы боп түседі. Бизнеске де емес, қарапайым адамдарға баға көтеріледі. Ол инфляцияға да кішкене әсері бар. Бір пайызға инфляцияны көтереді деген ой болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде