{metadescription}
Мобильді аударымды тексеру мәселесі қайта қаралады
Мобильді аударымды тексеру мәселесі қайта қаралады

Мобильді аударымды тексеру мәселесі қайта қаралады

Мобильді аударымдарды тексеру мәселесі де қайта қаралатын болды. Бірақ түбегейлі бас тартпаймыз дейді қаржы министрі Мәди Тәкиев. Қазір әртүрлі салық режимі тексеріліп жатыр екен. Ең оңтайлысы соның қрытындысы бойынша іріктелмекші.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

Мобильді аударымдар қалады. Бірақ әлі қараймыз. Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз. Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек. Яғни бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті. Біз түрлі режим арқылы салық жүйесі қалай жұмыс істейтінін ойластырып жатырмыз.

Айта кетейік, қазіргі салықшылар онлайн аударымның бәрін тексеріп жатқан жоқ. Тек ай сайын 100 адамнан мобильді аударым алғандардың шоты бақылауға алынады. Егер бұл үш ай бойы қайталанып, кәсіпкерлік қызметтің белгісі байқалса, банк азамат жайлы кірістердің есебін тиісті органдарға жібереді. Жалпы мобильді аударымды бақылау "көлеңкелі бизнеске" қарсы бағытталған. Ресми мәлімет бойынша, қазір елімізде 3 жарым миллион азамат өзін жұмыспен қамтыған. Сол себепті жаңа салық кодексінің жобасында азаматтардың әртүрлі санаты үшін қолайлы және қарапайым болатындай салық режимі талқыланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде