{metadescription}
Ботақарадағы жарылыс болған үй жөндеуге келмейтін болып шықты
Ботақарадағы жарылыс болған үй жөндеуге келмейтін болып шықты

Ботақарадағы жарылыс болған үй жөндеуге келмейтін болып шықты

Қарағанды облысы Ботақара кентіндегі жарылыс болған үйді тексерген мамандар өз қорытындыларын жариялады. Екі қабаты тұрғын үй жөндеуге келмейді екен.

Жарылыста денесінің 80 пайызы күйген бір адам қайтыс болған. Мәйітті туғандары Өзбекстанға алып кетіпті. Оның серігі де ауруханадан шыққан. Аталған жағдай бойынша «өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ оған пәтерде жұмыс істеген өзбекстандықтар немесе пәтер иесі жауап беретіні әлі айтылмады.

Естеріңізге салсақ, жарылыс 30 қаңтарға қараған түні болды. Екі қабатты үйдің төбесі опырылып, қабырғалары құлаған. Үйіндінің астынан ерлі-зайыптылардың денесі табылған. Екінші қабатта пәтер жөндеп жатқан жұмысшылар газ баллонын суықтан әкеліп ыстық пештің жанына қойған екен.

Берік Көпбаев, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

Негізгі техникалық жағдайына сараптама өткізіліп, Қазақстан ғылыми зерттеу институтының техникалық қорытындысы бойынша қолданысқа жарамсыз деп танылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде