{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның әйелі мен адвокатына сот үкімі шықты
Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның әйелі мен адвокатына сот үкімі шықты

Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның әйелі мен адвокатына сот үкімі шықты

Жаза үстіне жаза! Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның әйелі мен адвокатына үкім кесті.

Сот экс-министрді аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Мұның алдында Мұхамедиұлы жемқорлық қылмысы үшін 8 жылға сотталған болатын. Заңға сәйкес енді жазасы 8-ден 11 жылға ұзартылып отыр.

Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақоваға жарты жыл жаза кесілді. Сот оны парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп таныған.

Ерлі-зайыптылардың енді мемлекеттік қызметке келуіне де құқы жоқ.

Тергеу мәліметінше, түрмеден босағысы және меншігіндегі қонақүйді сақтағысы келген Арыстанбек Мұхамедиұлы әйелі арқылы адвокатына ақша берген. Алғашында 240 мың доллар, кейін тағы 140 мың доллар мен 27 миллион теңгені адвокат Мұстахим Төлеев қалтаға басыпты. Ақша "мәселені шешетін адамға" сол күйі жетпеген. Есесіне, ақшаны берген Ысқақова мен оны алған адвокат істі болды.

Сот бүгін Мұстахим Төлеевті де айыпты деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Түрмеден шыққан соң да 10 жыл адвокаттық қызметпен айналыса алмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Яғни сотталғандардың сот шешіміне шағымдануға уақыты бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде