{metadescription}
Оралда көктайғақтан қоғамдық көлік те, мектептерде сабақ та тоқтаған
Оралда көктайғақтан қоғамдық көлік те, мектептерде сабақ та тоқтаған

Оралда көктайғақтан қоғамдық көлік те, мектептерде сабақ та тоқтаған

Оралда түнімен жауған жаңбырдан қала көшелері мұз айдынына айналды. Көктайғақтан көшеде қозғалыс қиындап, қоғамдық көлік қатынасы үзілді. Мектептерде сабақ тоқтап, тайғанап жарақат алғандар көбейді. Әбігерге түскен тұрғындар көшеге мұз ерітетін реагентті дер кезінде сеппеген коммуналдық мекеменің салғырттығын сынап жатыр.

Оралда түнімен жауған қар аралас жаңбырдан таңертең қозғалыс қиындады. Жолға шығуы тиіс автобустар кібіртіктеп тұрып қалған. Тасымалдаушы компаниялар тайғақта қауіпті болған соң маршруттарды тоқтатты. Ал көшеге шыққан жұрт діттеген жеріне жете алмай әбігерге түсті.

Марина Губашева:

Таңертең жұмысқа шықтым, автобус болмады. Үйге қайтып бара жатқанымда аяғым тайып құладым. Ал жедел жәрдем екі сағатта әрең жетті. Жолға бірдеңе сепсе болады ғой. Көшеде дөңгелегі тайып келе жатқан көліктерді көргенде тығылатын жер таппайсың!

Облыстық аурухананың алды таңертеңнен ұзын-сонар кезекке айналды. Көк мұзда аяғы тайып құлаған 137 адам жарақат алған. Дәрігерлер жарақат бөліміне түскендердің көбі қол аяғын сындырып алғандар дейді.

Любовь Голубинова, дәрігер-рентгенологҮ

Биыл қыста түсіп жатқан науқас саны артты. Әсіресе бүгін адам көп. Жарақаттарын таңып жіберіп жатырмыз. Бүгін рентгенге түсірген науқастардың көпшілігінің қол-аяғы сынған. Мәселен мына келіншек қолын сындырып алыпты.

Ал жол тазалығына жауапты мекеме «түнімен жұмыс істедік» деп ақталуда. 16 арнайы техника үлгермей жатыр дейді. Олар ерітетін реагенттерді себумен түнгі сағат үштен бері айналысқанын айтады. Әйтсе де нәтиже жоқ. 

Нұрлыбек Мұхамедқалиев, Орал жолаушылар көлігі және ТКШ бөлімінің бас маманы:

Қоғамдық көліктерді күндізгі сағат 11-ге дейін тоқтау шешімі қабылданды. Себебі таңғы сағат 5 жарымнан бастап тасмалдаушы компаниялар хабарласқан болатын. Автобустардың жүре алмайтынын көріп, өзіміз жеткендей жолаушылардың қауіпсіздігін ескере отырып, автобустарды желіге шығармау шешім қабылданды.

Осылайша түске жақын қоғамдық көлік жүре бастағанымен, күре жолдар жабық. Полицейлер жолдарды бөгеп, көліктерді қауіпті аймаққа жібермеген. Ал, синоптиктер ертең тағы көктайғақ болуы мүмкін дейді. Өйткені таңертең күн райы қайта суытады деген болжам бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.