Қарағанды оқушыларын қырып салмақ болған 13 жастағы бала ұсталды
Қарағандыда 700-ден аса мектеп оқушысын қыратынын желіде жариялаған 13 жастағы бала ұсталды. Бозбала бәрін мойындап, қауіпті телеграм каналын өшірген.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
13.02.2024
Кеше мектеп оқушыларын «қынадай қырамын» деген хабарлама қала тұрғындарын қатты алаңдатқан. Сөзіне айғақ ретінде қолданбақ болған қаруының фотосын да желіде жариялаған. Хабарламада мектеп ғимараттарын полиция күзетпейтінін айтқан. Дегенмен полиция мен білім бөлімі қоқан-лоққыға онша сеніңкіремеді. Ал бүгін оның авторы — 13 жастағы бала ұсталды. Ол бәрін мойындаған. Енді ата- анасы жазаға тартылады.
Еске салсақ, осыған ұқсас ұқсас хабарламалар Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларында да тараған болатын.
Сырбаз Батыров, Қарағанды облысы ПД басқарма бастығы:
— 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «очищение Караганды» деген атаумен өзінің телеграмм арнасын құрған. Осыдан ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалғаны туралы ақпарат таратқан. Қазір телеграмм арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген азаматтардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!