{metadescription}
«Көгерген бүлдіршін». Павлодарда тәрбиеші бүлдіршінге жәбір көрсеткен
«Көгерген бүлдіршін». Павлодарда тәрбиеші бүлдіршінге жәбір көрсеткен

«Көгерген бүлдіршін». Павлодарда тәрбиеші бүлдіршінге жәбір көрсеткен

Денесін кітаппен ұрып көгерткен. Павлодарда ата-аналар ерекше балаларға арналған дамыту орталығының тәрбиешісі бүлдіршінге жәбір көрсетті деп айыптауда. Баласы кенеттен «бармаймынға» салып, анасына денесінің оңбай көгергенін көрсеткен. Орталық қызметкерлерінен күмәнданған ата-ана бейнежазбаны көрсетуді талап етіпті.

Көпшіліктің жағасын ұстатқан бұл бейнежазба әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Құзырлы органдарға шағымданған ана, жазбаны жеке парақшасына да жариялаған. Қоғамда резонанс туғызған бұл жағдай қаладағы ерекше балаларға арналған дамыту орталықтарының бірінде болыпты. Әлімжеттік көрген бөбекке туғанынан бірнеше ауыр диагноз қойылған. Церебралды сал ауруынан бөлек, қос жанары 20 пайыз ғана көреді. Бейкүнә балаға күш көрсеткен қатыгез тәрбиеші жұмыстан шығарылған.

Аида Дүйсенова, анасы:

Өз педагогымызға, орталыққа сендік. Ал олар баланың сөйлей алмайтынын пайдаланып отыр. Бала сөйлей алса, бәрін беретін еді. Мен балаға сендім. Өйткені ол тура видеодағыдай, қалай ұрып-соққанын, қалай жұлқылағанын көрсетті. Соны бала өзі көрсетті. Ол кісілер камера бақылауын аптасынаүш рет қарап отыруы керек еді. Ал ол кісілер бұны жасаған жоқ. Жауапсыздық танытты.

Ал орталық басшысы шетел асып кетіпты. Қызметкерлері де даулы оқиғаға қатысты қандай да бір пікір айтудан бас тартып, ат-тонын ала қашты.

«Ерекше балаларға зәбір көрсетілді» деген дауға іліккен жекеменшік дамыту орталығына мән-жайды білмекке арнайы келдік. Мүмкіндікгі шектеулі балаларды емдеп көмек көрсететін орталықтың парақшасында мекеме 9-00-дан 20-00-ге дейін істейді деп көрсетілген. Алайда келеңсіз жағдайдан кейін орталық қызметкерлері түсінік беру былай тұрсын, есікті ашпай қойды.

Балаларға күш көрсеткен тәрбиеші орталықта үш жыл қатарынан жұмыс істеген. Дегенмен жәбірленуші орталық қызметкерлерінің кәсібилігіне күмән келтіріп отыр. Облыстың полиция департаменті аталған іс ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жанар Біләлова, Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

Полиция тәрбиелеу мекемесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Зәбір көрген бөбектің ата-анасы істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр. Сұмдық оқиғаға жол берген орталық басшылығы мен бейқамдық танытқан басқа да қызметкерлер тиісті жазасын алып, ал орталық жабылуы тиіс дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде