{metadescription}
Қыруар қаржы». Теміртаудағы ноу-хау контейнерлер көмулі күйі қалған
Қыруар қаржы». Теміртаудағы ноу-хау контейнерлер көмулі күйі қалған

Қыруар қаржы». Теміртаудағы ноу-хау контейнерлер көмулі күйі қалған

Теміртауда қоқысты жаңа тәсілмен шығарудың аяғы былық боп кетті. Қала билігі былтыр бюджет қаржысына жер астында тұратын 30 контейнер жасатып, оны аулаларға қойған. Бірақ сол контейнерлердің көбі ішіндегі күл-қоқысымен сасып, сол көмілген күйі қалған.

Оны шығаратын арнайы техника жоқ екен. Аталған мәселені қала билігі көріп, жұрттың шағымын «естіп отырмыз» дейді. Биыл сол контейнерлерді көбейтуге арналған тендерді тоқтаттық деп отыр.

Мына аула тұрғындары қоқысты жылдар бойғы қолданыстағы темір жәшіктерге қайта тастап жүр. Ал оның артында қарға көмілген ноу-хау жатыр. Былтыр жаздан бері оның аузы-мұрнына дейін қоқысқа толған. Бірақ оны алып кеткен ешкім болмапты.

Зинаида Юнжакова:

Қолқаны қабатын иісіне төзу мүмкін емес. Аузы-мұрнына дейін толып тұр. Тазаланбаған күйі тұр, өткен жылдың тамыз айнан бері. Онымен қоса ашу да қиын, ыңғайсыз. Сол ескі жәшіктерге қайта көштік.

Қалада қоқыс шығаратын үш мердігердің біреуінде ғана бар техника өзіне тиесілі жерді тазалайды. Бірақ жаңа контейнерді жердің астынан суырып шығарып көлікке тиеу де машақат. Жәшіктің астынан қоқыстың суы ағады, оны көлік бортына дәлдеп түсіру де қиын. Контейнердің түбі ашылғанда қоқыс жан-жаққа шашылады екен. 

Ирина Джакупбекова:

Контейнерді көтергенде асты ашылады ғой. Содан сұйықтық ағып, қоқысы төгіледі. Желде шайқалып тұрады. Бір адам таяқпен итеріп жүреді. Қауіпсіздік техникасы қайда? Бұл шаруаны тұрғындармен ақылдаспай істеді. Одан да мына ескі қоқыс тұрақтарын жөндеп, жаңа жәшіктер қойса болар еді. Ақшаны желге ұшыру дейді мұны.

Жалғыз техника қызмет көрсететін аулалардағы жағдай жетісіп тұрған жоқ. Мәселен, тесікке симаған күл-қоқыс оның айналасында тау болып үйліп жатыр. Миллиондаған қаражат жұмсап жаңа тәсілге көшкенімен, тазалық мәселесін шешпеген.

Жерасты контейнерлеріне қоқыс жинауды шенеуніктерге жергілікті депутат ұсынған. «Астанадан неміз кем» деген көрінеді. Оның ұсынысые қабыл алған жергілікті билік тендер жариялап, темір жәшіктің әрқайсысын 730 мың теңгеден жасатқан. Жалпы сомасы 22 миллион теңге. Енді биліктегілер қоқыс шығаратын мердігерлермен арпалысып жатыр.

Қанат Хасенов, Теміртау ТКШ бөлімі бастығы:

Мердігерлер қаладан емес, сырт жақтан. Әзірге хат жолдап шақырғанша, ол келем дегенше, ешкім қарап отырмайды ғой. Жан-жағы толып қалады. Бұдан бас тартамыз, қазір әкімнің тапсырмасы бар, уақытша оны биылға жобаламаймыз. Биыл конкурс жариялағанбыз, бірақ әкім халықтан наразылық бар, сондықтан ол конкурсты тоқтатыңдар деп тапсырды.

Биыл жоспарланған бес жәшікке шенеуніктер 7 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ болған. Дегенмен қала белсенділерін бұл жағдай ашуландырмаса, баса қойған жоқ. Айтуларынша, алдымен мердігермен, олардың техникалық мүмкіндігін тексеру керек еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде