Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдықта үйлердің төбесінен су сорғалап жатыр
Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде көпқабатты екі үйдің төбесі тесіліп қалған. Жауында баспанасын су басып, ылғалданбаған жер қалмаған. «Шенеуніктерге ескірген шатыр мәселесін айтып шаршадық» - дейді Шұбарқұдық елдімекенінің тұрғындары.
Автор: Жаңалық Ахаш
13.02.2024
Шұбарқұдық ауылындағы бес қабатты қос үйде алпыс шаңырақ тұрады. Олардың көбісі зейнет жасынан асқан қарттар. Ең үлкені 98 жастағы ардагер ұстаз Мария Петровна. Жалғыз осы үйдің емес6 Темір ауданында жүз жасқа таяп қалған жалғыз кейуана да осы кісі. Бірақ тұрып жатқан пәтерін көргендер шошиды. Жазда үйдің төбесінен су тамшылап, қыста қар суы еріп тұрады. Қос үйдің тұрғындары тозған төбені өздері ақша жинап жөндемек болған екен. Бірақ одан түк өнбеген. Ал әкімдіктегілер шатырды жөндеуге құжаттарын реттеп қойдық деп отыр. Республикалық қазынадан ақша сұрау үшін алдымен пәтер иелерінің бірлестігін құру міндетті. Одан соң жөндеуге бюджеттен бөлінетін ақшаны несие ретінде тұрғындар қайтарып отырады екен.
Жандәурен Қойшыбаев, Темір ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
— Сараптама жүргізіліп, шатырдың тозығы 61 пайызға жеткені анықталды. Осының негізінде аудан бюджетінен қаржы бөлініп, жоба-смета жасалған. Күрделі жөндеу жүргізу үшін қайтарымды, республикалық бюджеттен қайтарымды қаржысы негізінде 0,1 пайыз несиелеумен жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!