{metadescription}
Қазақстан орта державалар тізіміне кірді
Қазақстан орта державалар тізіміне кірді

Қазақстан орта державалар тізіміне кірді

Қазақстан – орта держава. Германияның белгілі сараптама орталығы — Ғылым мен саясат қоры арнайы зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін жариялады. Аталған тізім де соның қорытындысы бойынша түзілген.

Негізі «орта держава» деген халықаралық аренада саяси және экономикалық салмағы басым елдерге қатысты айтылады. Бұл қатарда қазір Түркия, Израиль, Үндістан бар. Ал Қазақстан бірінші рет кіріп отыр. Германия сарапшылары біздің елді бірнеше бағыт бойынша салмақтап саралаған. Мәселен, Еуропалық Одақ Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға баса назар аударып отыр. Өйткені Қазақстан саяси сахнада мойындалған әрі Еуроодақтың алыс-берісте 40 пайыз үлесі бар негізгі сауда серіктесі. Бұл Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Ғылым мен саясат қоры сарапшыларының пікірінше, Украинадағы соғыс та Қазақстан үшін сауда-саттықта жаңа мүмкіндіктер ашқан. Дәлірек айтқанда, транпорттық дәліздер, мұнай, өндіріс пен энергетика саласында. Қорыта келгенде Еуроодақ Қазақстанды саяси және экономикалық серіктес қана емес, инвестиция құюға ең тиімді ел ретінде қарастыратын болады деп түйіндепті орталық сарапшылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде