{metadescription}
Ақмола облысында әскери колледжінің кадеті атылып өлді
Ақмола облысында әскери колледжінің кадеті атылып өлді

Ақмола облысында әскери колледжінің кадеті атылып өлді

Ақмола облысында Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің бірінші курс кадеті атылып өлді. Ол кезекшілікке шыққанда қолындағы қаруымен өзін-өзі атқан.

Щучьедегі кәсіби сержанттарды даярлайтын оқу орнында оқыс оқиға кешқұрым болған. 22 жастағы кадет кезекші бөлімдегі міндетіне кірісу керек болған. Алайда қару алған ол колледж аумағында өзін басынан атады. Шүріппені байқаусызда басты ма, әлде өзін-өзі өлтіруге колледждегі әлімжеттік себеп болды ма ол жағы белгісіз.

Оның ата-анасы Астанада тұрады екен. Ол жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әскери колледжге түскен. Сол себепті 17 жастағы курстастарынан әлдеқайда ересек. Қазір сараптамалар тағайындалып, оқу орында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Ринат Ілиясов, Ш.Уәлиханов атындағы колледж бастығының орынбасары:

Кадеттің қайтыс болғаны рас. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Егер әлімжеттік немесе басқа да жағдайлар суицидке итермелеген болса, міндетті түрде анықталады. Біз үшін бұл өте қайғылы жағдай. Ата-анасына, туған-туысқандарына оқу орны ұжымы атынан қайғырып көңіл айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде