{metadescription}
Үйін су басқан Атырау тұрғындары төтенше жағдай жариялауды талап етті
Үйін су басқан Атырау тұрғындары төтенше жағдай жариялауды талап етті

Үйін су басқан Атырау тұрғындары төтенше жағдай жариялауды талап етті

Атырау тұрғындары төтенше жағдай жариялауды талап етіп жатыр. Баспанасын су басқан жұрт бүгін облыс әкімдігіне келіп көмек сұрады. Өйтпеске амал да қалмапты. Үйін жаңбыр суы басып шарасыз күйге түскендердің жергілікті шенеуніктерден әбден көңілі қалған.

Үйі су астында қалып қажыған тұрғындар жергілікті биліктен қолдау таппай, бүгін облыс әкімдігіне келді. Соңғы он күннен бері жауын-шашынның салдарынан қала халқы әбігерге түсіп жатыр. Бірнеше ықшамаудан суға кетті. «Үйлер құлап жатса да еш көмек жоқ» - дейді олар.

Жаңбырбай Жұмашов:

Қазіргі жағдайымыз тіпті қиын. Мінекей, үлкен кісі, ақсақал, бұл кісінің щаңырағының қалай суға кетіп жатқанын мына жердегілер көрді. Бірақ ешқандай көмек жоқ. Қаншама үй құлап жатыр. Мына жерде жігіттер су кешіп жүр. Бірақ нәтиже жоқ.

Наразы тұрғындар облыс әкімінің ел алдына шығып төтенше жағдай жариялауын талап еткен. Серік Шәпкеновтың өзі шықпады. Ал оның орынбасары мен әкімдіктің басқа қызметкерлерін ашулы жұрт тыңдаған да жоқ.

Қазір Атырауда Жұлдыз, Өркен, Мирас, Балауса және басқа да бірнеше ықшамаудан халқы жауын-шашын зардабын тартып отыр. Бірнеше күннен бері ауласындағы қар суымен өз бетінше арпалысып жүрген Марат Тақановтың таңертең гаражы мен жазғы үйінің қабырғасы опырылып құлаған.

Марат Тақанов:

Міне, уақытша тұрағымыз да құлап қалды.Бүгін таңда құлады, міне. Осылай суға кетіп жатырмыз. Ешқандай көмек жоқ. Кеше су таситын көлік келеді деді, бүгін таңертең келді.

Көл-көсір болған судан баспанасына кіріп-шыға алмай қалған тұрғындар үйін тастап көшіп жатыр. Суды өз бетінше сорғызғанымен, сәлден соң дәл осы қалыпқа қайта түседі дейді.

Қала әкімі қызыл судың бұлай жиналуын арық жүйесінің жоқтығымен түсіндірді. Дегенмен қазір ірі компаниялардан және Орал қаласынан техника сұратып жатыр екен.

Шәкір Кейкин, Атырау қаласының әкімі:

Кәріз насос станциясы жоқ, жаңбыр суын жүйелі түрде қаланың сыртына шығарып жіберетін станция жасалмаған. Жерге сіңбей жатыр. Суды бір мезетте шығарып тастау мүмкін емес. Ол неше күн алатынын сұрасаңыз, қазір жауап бере алмаймын.

Осылайша жергілікті билік қаланың судан қашан толық сорғызылатынын ашып айта алмады. Жағдай толыққанды тексерілмейінше, төтенше жағдай да жарияланбайды деді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде