Елімізге педофилдер мен лаңкестердің кіруіне тыйым салынды
Педофилдер мен лаңкестердің кіруіне рұқсат жоқ. Мәжіліс көші-қон саласын жетілдіру туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады.
Автор: Мерей Қалиасқар
14.02.2024
Шетелдегі террористік, экстремистік ұйымдарға қатысы бар және басқа ел аумағында балаларға жәбір көрсеткен педофилдерге Қазақстан шекарасынан өтуге тыйым салынған. Оларға Қазақстан азаматтығы берілмейді.
Жалпы бұл бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі Істер министрлігі мен барлық күш құрылымдары жауапты болады.
Негізі экстремистерге қатысты шектеу бұрыннан бар екен. Ал қалған қылмыскерлерге тыйым енді қолға алынып отыр. Және кімнің, қайда, қандай қылмыс жасағаны шекарадан өтерде арнайы базадан тексеріліп отырады.
Жарқынбек Амантайұлы, Мәжіліс депутаты:
— Террористік және экстремистік ұйымдарға қатысы барлардан бөлек, қылмыстық топтың серкелері дейміз ғой, жетекшілері, қылмыс әлемінде белгілі бір статусқа ие адамдардың біздің шекарадан кіруге тыйым салынған. Және бірқатар посткеңестік елдердің арасында сондай келісім және база қалыптасқан. Сол арқылы тізімі жасалады, анықтауға мүмкіндік бар. Кімнің қандай қылмыстық ұйымдарға қатысы бар екені туралы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!