{metadescription}
0:000:00
Жалған диплом сатудың жолы қалай кесіледі

Жалған диплом сатудың жолы қалай кесіледі

Жалған диплом жасап, оны ашық саудалаудың жолы қалай кесілмек? Ғылым және жоғары білім министрлігі құқық қорғау органдарымен бірдесе арнайы жоспар бекіткен. Қылмыстық жауапкершілік те едәуір қатаңдатылмақ.

Министр Саясат Нұрбек жалған дипломдарды анықтаудың тетігі қарастырылып жатқанын атап өтті. Яғни арнайы платформаға 1991 жылдан бастап 3 жарым миллион диплом енгізіліпті. Бұл кез келген жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы құжат түпнұсқа ма, жоқ па, оп-оңай тексере алады. Министр күн тәртібінен түспей тұрған жатақхана жетіспеушілігіне де тоқталды. Қазір ел бойынша 20 мыңнан аса орын тапшылығы бар. Бірақ тапшылық ешқашан жойылмайды деп отыр Нұрбек.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

Тапшылық,біздің демографияға қарасаңыздар, ешқашан жойылмайды. Оны азайтуға болады. Біздің жоспарымыз 2027-2028 жылға дейін 7-10 мың деңгейіне түсіру. Ол үлкен дефицит емес. Негізі екі қаланың мәселесін шешсек, басқа өңірлерде ондай тапшылық жоқ. Ол Алматы мен Астана. Жекеменшік секторда мектеп көп салынып жатыр. Дәл солай қазір жатақхана мен корпус салуға тартамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде