Психолог: Төтенше жағдайда емханаларда сенім телефоны жұмыс істеу керек
Төтенше жағдай кезінде барлық емхананың да сенім телефоны жұмыс істеу керек. Алматының бас психологы осындай ұсыныс айтты. Ал қазір 2 млн-нан астам халқы бар Алматының құтқару қызметінде бір ғана психолог жұмыс істеп жүр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
14.02.2024
Психиолог маманның қажеттілігі әсіресе төтенше жағдай кезінде білініп қалады. Қаңтардағы жер сілкінісінен кейін қорқып, абдырап, психолог маман іздегендер көп болыпты. Ал ондай жағдайда бүкіл қалада қазір небәрі бес психолог көмек көрсетеді екен. Бұл мәселе Алматы психикалық сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен төтенше жағдай кезінде психологиялық көмек көрсету жиынында көтерілді. Төтенше жағдай кезінде үрей жетегінде қателіктерге жол беріліп жатады. Ал шұғыл психологиялық көмектің мақсаты жеке тұлғаның жағдайға бейімделу мүмкіндігін арттырып, сабырға шақыру. Психотерапиялық көмекті дер кезінде көрсету өте маңызды дейді мамандар.
Сапар Рахменшеев, Алматы психикалық сауықтыру орталығының директоры:
— Біздің орталықта сенім телефоны бар. Сол сенім телефонына, жер сілкінісінен кейін, тіпті осы уақытқа дейін хабарласып жатыр. Оларды мазалайтыны: түнде ұйықтай алмаймын, үнемі үрейленем, жер сілкінсе, аспалы шам шайқалса шошып оянатын болдым дейді. Соған байланысты сенім телефонына хабарласқандар саны артып отыр. Үрей билеген, қорқынышқа бой алдырған жұртты көп сұрақ мазалайды. Мақсатымыз — уақтылы айтып, дер кезінде көмектесу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!