{metadescription}
Атырауда жауыннан үйлер опырылып, тұрғындар толарсақтан су кешіп жүр
Атырауда жауыннан үйлер опырылып, тұрғындар толарсақтан су кешіп жүр

Атырауда жауыннан үйлер опырылып, тұрғындар толарсақтан су кешіп жүр

Атырауда жауын-шашын жерге сіңбей, қала халқын әбден қажытты. Үйлер опырылып құлап, кейбір тұрғын үйінің ішінде тобықтан су кешіп жүр. Он күннен бері мұнайлы қаланың халқына бұл қызыл су нағыз мұң болды. Жерасты суы көтеріліп, жаңбыр мен қар суы сіңбей бейнет көріп жатса да, жергілікті билік жарытып жауап бермей отыр дейді атыраулықтар.

Қала орталығында тұратын Перизат Ерсайынқызының баспанасын бірнеше күннен бері су басып жатыр. Алғашқыда өз күшімен тазалауға тырысқан. Бірақ кейін су кілкіпдеп үкіл үйді басқан. Күні-түні ұйықтамай суды далаға шелектеп тасып әлек. Амалсыз қала әкімдігіне қолдау сұрап барған, 109 бірыңғай байланыс телефонына да үздіксіз хабарласқан. Бірақ көмек жоқ деп жылайды.

Перизат Көшек:

Маған материалдық көмек емес, құттай болса да қол ұшын созу керек қой. Кішкентай екі баламды ойлаймын.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына да бардым. Маған қандай көмек бар деп. Кешке балаларды қайда апарамын деп. «Біз білмейміз» деді.

Осылай жағдайын жылап тұрып жеткізген келіншек, енді бала-шағасымен қайда барып паналайтынын білмей отыр.

Осыған дейін жерасты суының көтеріліп кетуінен төтенше жағдай жарияланған Жұлдыз ықшамауданындағы тұрғындардың айтуынша, судан тазарту жұмыстары мардымсыз жүріп жатыр. Үйлер бірінен соң бірі құлап жатыр.

Ырысты Сахарбайқызы:

Төтенше жағдай жариялаған соң инесүзгіш қондырды. Оны қондырғанда халыққа түсіндірген жоқ. Әкеліп, көше-көшеге қондырды. Біздің жердің бетіндегі су азайып жатқан жоқ. Ертең үй құлап кетсе қайттік? Қазірдің өзінде сызаттанып, жарықшақ беріп тұр. Бізге үкіметтен көмек беріле ме? Сосын ортақ кәріз жүйесін жүргізсе.

Бұл ықшамауданды судан тазалау үшін жергілікті әкімдік қазір 22 инемен сузу технологиясын орнатқан. Бұл әдіс жерасты суын тазалауға тиімді дейді. Алайда тұрғындар су қанша сорылғанмен, сол бойы қайта кілкіп шығады дейді. Қала басшылары қазіргі ахуалды өзіміз де толық түсіне алмай жатырмыз деп отыр. Бірақ жауын-шашын мөлшері де көп дейді.

Ерболат Омаров, Атырау қаласы әкімі:

Бір айлық көрсеткіш бір-екі күнде жауып тұр. Сондықтан бұл проблеманы туындатып отырған жерасты суы жер бетіне шығып, жерге сіңбей қиындап тұр. Бұл жұмыспен бір аптадан бері жұмыс істеп жатырмыз. Мамандармен сөйлескенімізде бір фактор техногендік әсері бар дейді. 90-95 пайыз, мына септиктер төгетін түбі жоқ немесе тесік.

Жауаптылар қалада жағдайдың күрделеніп кетуіне тұрғын үйлердегі кәріз құдықтарының жарамсыздығы да себеп деп отыр. Одан бөлек қардың уақтылы тазаланбауы. Ал қала басшылары үйлері суда қалған Жұлдыз ықшамауданы тұрғындарына материалдық көмек қарастырылмаған деді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде