{metadescription}
Суды қалыптан артық тұтынатындарға тариф көтеріледі
Суды қалыптан артық тұтынатындарға тариф көтеріледі

Суды қалыптан артық тұтынатындарға тариф көтеріледі

Елімізде суды тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф енгізіледі. Яғни енді суды айлық нормадан артық тұтынғандар үшін су бағасы едәуір көтеріледі. Су ресурстары және ирригация министрлігің бастамасы қазір мәжілісмендердің қарауында.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Бірінші топ – айына 3 м3 дейін тұтынумен қолданыстағы тариф қолданылады, өзгеріссіз. Екінші топ – айына 3-тен 5 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +20%-ға жоғары. Үшінші топ – айына 5 м3-тен 10 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +50%-ға жоғары және төртінші топ – айына 10 м3 астам тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен 100%-ға немесе 2 есеге жоғары болады.

Осы тәсілді қолданған кезде, ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, елде қосымша табыс шамамен 13 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат желілер мен жабдықтарды жөндеуге, шығынды азайтуға бағытталмақ. Жалпы бұл шаралар елімізде өткір тұрған су тапшылығы мәселесіне тікелей қатысты. Сондай-ақ тығырықтан шығу үшін су ресурстары министрі зауыттар мен шағын және орта бизнес қайта өңделген суды пайдалану керек деп санайды. Себебі тіршілік нәрін бейберекет жұмсайтындар көбіне солар. Мәселен тек бір көлікті жуу үшін 200-250 литр ауыз су жұмсалады. Ал монша кешендерінің су тұтынуы жылына шамамен 120 млн текше метр. Мәжілісмендер де су кодексінің аясында суды үнемдеуге бағытталған бірқатар норма енгізуге бекініп отыр.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

Нысандарды тарифін көтеріп, оларға міндеттеп, өздеріндегі тазартатын су қондырғыларды қоятын болса, соншама су үнем болар еді. Өз есебінен жасау керек, себебі бұл бизнес. Мемлекет оған жағдай жасау керек. Мысалы бізде жаңа технологияныдамыту дейтін қорлар бар. Солардан грант беру керек немесе жеңіл несие беру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде