Нұрлан Сауранбаев: Вагондағы тарақандарға ҚТЖ-ның қатысы жоқ
Ішіне кірсең тынысың тарылатын тарақаны өріп жүретін вагондарға «Қазақстан темір жолының» қатысы жоқ. Компания басшылығы бүгін осылайша "бар күйені бізге жақпаңдар" деп сенаторлар алдында ақталды. Ал компанияның беделін қалыпқа келтіру үшін ҚТЖ тіпті блогерлер мен танымал адамдарды жалдамақшы.
Автор: Айжан Шамшидин
15.02.2024
Нұрлан Сауранбаев, "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы:
— Біз 30 жылдан бері барлығына ҚТЖ кінәлі дегенді естіп келе жатырмыз. Алайда бізден де басқа жеке меншік компаниялардың барын еске салғымыз келеді. Өріп жүрген тарақандар, санитарлық талаптарға сай келмейтін вагондар соларға тиесілі. Ал жасалған барлық жұмысты жақсысы болсын, жаманы болсын, халық алдында көрсету үшін блогерлерді, журналистерді тартпақшымыз.
Ал Жамбыл мен Маңғыстау облысындағы бір аптадан бері жалғасып жатқан теміржолшылар наразылығын "ҚТЖ" басшысы тойынғандыққа балады. Олар жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды сұраған. Компания төрағасының сөзінше, айлық жылда өсіріледі. Тіпті компания сапында қарапайым қызметкердің айлығы 450 мың теңгедеден басталады-мыс. Қарамағындағы 600 бөлімшенің ішінде екі компанияның бас көтергені қалыпты жағдай деп ойын сабақтады Сауранбаев. Ал өзінің жалақысы 1 миллионнның ар жақ, бер жағында екен.
Нұрлан Сауранбаев, "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы:
— Біздің мүмкіншілікке қарау керек қой. Қазіргі кезде біз тек инфляцияға ғана көтере аламыз. Одан көп көтере алмаймыз. Өйткені оны көтеріп жіберсек, инфляция кетеді. Оларға ақша бөлу керек. Соңғы уақытта біз оларға 5 миллиард ақша бөлдік. Өйткені, сізге қызық болса айтайын, 2025 жылға дейін олардың отырғанын жерін, барлығын біз шешеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!