{metadescription}
Астана-Балқаш-Алматы трассасы биыл қолданысқа беріледі
Астана-Балқаш-Алматы трассасы биыл қолданысқа беріледі

Астана-Балқаш-Алматы трассасы биыл қолданысқа беріледі

Астана-Балқаш-Алматы трассасы биыл қолданысқа берілетін болды. Көлік министрі 2017 жылдан бері төселуі жыр болған күре жолдың жөндеу жұмыстарын қайтсек те биыл бітіреміз деп отыр.

Әзірге 1200 шақырымның жартысынан көбіне афсальт төселіп қойыпты. Тақтайдай тегіс жолмен қамтамасыз ету үшін әу баста шетелдік мердігер тартылған. Алайда келісімшартқа отырып алғаннан кейін жауапты компанияның жұмысшылары трассада төбе көрсетпей, жұмыстары сұйыла бастаған. Министрлік ортадағы келісімді бұзып, бұдан кейін тағы бір компанияны жол төсеуге шақырған. Қазір көлік министрлігінің дерегінше, еліміздің басты қос шаһарын жалғайтын трассаға осы мекеме толық жауапты.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Біз осы уақытқа дейін екі компаниямен арадағы-келісімшартты бұзғанбыз. Қазіргі жауапты мердігер биыл бітіретінін айтты. Қазір 768 шақырыммен көлік жүйткіп жүруде. Тас жолдың басым бөлігі бітіп қалды деп айта аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде