Ерболат Досаевтың алдында жылаған әйел есінен танып қалды
Жылап тұрып көмек сұраған әйел Досаевтың алдында есінен танды. Алматыдағы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуге келген әкімге келіншек басына түскен мәселесін баяндаймын деп талып қалған.
Автор: Әсем Лесбек
15.02.2024
Былтыр үйі өртеніп, соның кесірінен мүгедек баласымен далада қалғаны аздай, келіншек 32 милион теңгеге қарызға батқан. Өйткені қызыл жалын оның көршісінің учаскесіндегі жатақхананы да шарпыған. Жатақхана иесі қаражатты өндіруді талап етіп, оны сотқа берген. Ал әйел үйіне жапсарлас тұрған ғимараттың әу баста заңсыз салынғанын дәлелдей алмай, Досаевтан көмек сұрады. Шаһар басшысы бірден құрылыс басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментіне істің ақ-қарасын анықтауды тапсырды.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
—Біріншіден, құрылыс басқармасының басшысына ғимарат құрылысының заңдылығын, ал төтенше жағдайлар департаментіне өрттің қай жерде және неге шыққанын, құрылыс нормалары сақталды ма, жоқ па, соны анықтауды тапсырамын. Әділет департаментіне мәселе шешілгенше келіншекті мүгедек баласымен баспанасынан қумауды сұраймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!