Абай облысында қар құрсауында қалған Моңғолия спортшылары жарысқа қатыса алмады
Абай облысында Моңғолия спортшылары құтқарылды. Олар Қалбатау ауылына төрт шақырым жетпей қар құрсауында қалған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.02.2024
Спортшылар 9-15 жас аралығында. Жасөспірімдер Өскеменде бокстан ұйымдасытырылған жарысқа бара жатқан. Қазір құтқарушылар бапкерлерімен бірге 13 адамды Жаңаөзен ауылындағы лагерьге орналастырды. Енді олар бәсекеге қатыса алмай, еліне қайтады. Себебі өңірде дауылды ескерту жарияланды. Сондықтан тас жолдың бәрі жабық.
Дамир Қанатұлы, Абай облысы ТЖД штабының аға инспекторы:
— Облыстың оңтүстік бөлігінде жауын-шашын, қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысып, облыстың батысында оңтүстігінде және орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 метр секундқа жетеді. Ауа райынның күрт нашарлауына байланысты облыстың барлық тұрғынын қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды, елдімекеннен тыс жерге шықпауды ескертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!