{metadescription}
Аида Балаева: БАҚ саласын бірқатар өзгерістер күтіп тұр
Аида Балаева: БАҚ саласын бірқатар өзгерістер күтіп тұр

Аида Балаева: БАҚ саласын бірқатар өзгерістер күтіп тұр

Мәдениет және ақпарат министрі ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қатысты биылғы басты міндеттерді атады. «Масс-медиа» туралы заң қабылданғаннан кейін БАҚ саласын бірқатар өзгерістер күтіп тұр дейді Аида Балаева.

Жалпы заң жобасы отандық медиа-кеңістіктің ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Соның аясында радиода шетелдік контентті қайталап көрсету мүмкіндігін 20-дан 10 пайызға дейін қысқарту, теле-радио арналардағы отандық контент пен тілдік үлесті 60 пайызға дейін кезең-кезеңмен ұлғайту көзделіп отыр.

Шекара маңындағы аудандарда отандық телерадио хабарын тарату аумағын кеңейту жоспарлануда. Ведомство басшысы контент сапасы мен мазмұнын жақсарту бойынша ерекше ден қоймақ. Мәселен, министрлік тарапынан журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша семинар-треннингтер, оқыту курстарын өткізуге көңіл бөлінеді.

Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Журналистерге қазақ және орыс тілдерінде 40-қа жуық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Соның ішінде фактчекинг, медиа этика, киберқауіпсіздік және басқа да өзекті тақырыптар бойынша курстар өтеді. Бұл ретте тоқсан сайын әр өңірде цифрлық медиа, фактчекинг, медиа этика және медиа саланың басқа да өзекті бағыты бойынша кемінде 50 журналисті оқыту жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.