{metadescription}
Алматы мектеп-лицейінде оқушыларға кітап оқытудың жаңа үлгісін енгізді
Алматы мектеп-лицейінде оқушыларға кітап оқытудың жаңа үлгісін енгізді

Алматы мектеп-лицейінде оқушыларға кітап оқытудың жаңа үлгісін енгізді

Талап пен тренд өзгерген уақытта білімді жаңаша берудің жолы қандай? Бұл сұрақтың жауабымен алматылық ұстаздар бас қатырып жүр. №143 мектеп-лицейде өтіп жатқан шара да осы тақырыпта.

«XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» деген тақырыптың таңдалуы да бекер емес. Смартфонға телмірген шәкірттердің оқуға құмарлығын ояту қазір ең қиын шаруа. Сондықтан ұстаздарға түрлі амал ойластыруға тура келеді. Бұл ретте Сүйінбай атындағы білім ордасы әр сыныпта электронды кабырға бұрышын ұйымдастырыпты. Кез келген оқушы кітап іздемей-ақ, QR-кодпен ақын-жазушылардың өмірімен, шығармашылығымен және ертегі әлемімен таныса алады. Балалар ертегіні оқып қана қоймай, оны рөлге бөліп сахналау арқылы әртістік қабілетін, актерлік шеберлігін, сөйлеу мәнерін шыңдап жүр. Ал жыл соңында ең көп кітап оқыған оқушы марапатқа ие болады.

Өмірбек Айтуғанұлы, Сүйінбай атындағы мектеп-лицейдің директоры:

Балалардың кітап оқуға құштарлығын дамыту үшін істеп жатқан іс-шараларымыздың бір бөлігі. Қазір балалардың кітап оқуға деген құштарлығыны ерекше дамытуымыз керек. Себебі ақпарат-технология заманынында кітап оқудың қажеттілігі күннен-күнге өсіп келеді. Кітап оқу баланың ой-өрісін, сөйлеу қабілетін дамытады. Сынып кабинеттерінде сандық бұрыштар қойдық. Сол жерде QR-код арқылы балалар әдеби кітаптарға немесе ертегілерге өтеді де, ұялы телефоны арқылы әдебиеттерді оқиды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде