{metadescription}
Алматыда тоғыз сағатта 82 жол апаты тіркеліп, бір адам мерт болды
Алматыда тоғыз сағатта 82 жол апаты тіркеліп, бір адам мерт болды

Алматыда тоғыз сағатта 82 жол апаты тіркеліп, бір адам мерт болды

Алматыда жол апатынан бір адам ажал құшты. Елуді еңсерген әйелді жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда көлік қаққан. Таңнан бері толассыз түскен қардың кесірінен қалада небәрі тоғыз сағаттың ішінде 82 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін әуе рейстерінің кестесінде де өзгерістер бар. Оңстүстік астанадағы әуежайдан 25 ұшақ кешігіп ұшты. Кеше көктем келердей боп тұрған қаладағы қазіргі жағдайы қалай?

Кеше жаймашуақ боп тұрған Алматыға бүгін алай-дүлей қыс келді. Таңғы сағат 7-ден басталған жаңбырдың  арты қалың қарға ұласты. Түске дейін қалаға 7 см ақ ұлпа түсіп үлгерген. Оның салдары әдеттегідей, көктайғақ пен кептеліске әкеп соқты. Жеңіл көліктермен қоса, автобус пен тролейбустарға дейін тұрып қалған. Мұның бәрі қардың дер кезінде тазаланбауынан дейді жүргізушілер.

Диана Махмұт, жүргізуші:

Бүгін мен таңғы сағат 10-да шықтым. Ол кезде қар қаттырақ жауып тұрған. Көліктер өте көп болды. 50 метрден ары жол көрінбеді. Сол уақыттан бері бірде-бір қар тазалайтын техниканы байқамадым.

Көптің көзіне көрінбесе де, әкімдіктегілер бүгін қар тазалауға 483 техниканы жұмылдырдық деп отыр. Сондай-ақ мыңнан аса жұмысшы да тер төгіпті. Жолдағы, тротуарлардағы ақ ұлпаны тазалап, артынан көктайғаққа қарсы құм-тұз қоспасын сеуіп өткен. Бірақ жол апаты одан азаяр емес.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Таңғы сағат 6 мен күндізгі 15:00 шамасында Алматы қаласында 82 жол көлік оқиғасы болды. Бір әйел мерт болды. Ол жолдың белгіленген жерінде жолды кесіп өтпек болған жерінде «Ниссан» автокөлігінің астына түсіп қалған. Қазір соның нақты себеп-салдары анықталып жатыр. 

Ауа райындағы өзгерістің бұл басы ғана. Кешке дейін қар жауып тоқтағанымен, енді аяз қысады дейді синоптиктер. Ең суық түн жексенбіге түскен.

Дәулет Қисебаев, "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы:

Түнде ауа температурасы ақырындап суиды. Сенбіге қараған түні минус 21-23 градус болады. А, жексенбіге қараған түні 23-25 градус аяз күтіледі. Күндіз 13-15 градус аяз. Бірақ келесі аптадан бастап температура ақырындап көтеріледі.

Жердегілері былай тұрсын, суық ауа райы көктегілерді де титықтатқан көрінеді. Күннің көрт бұзылуына байланысты бүгін Алматыда 25, Астанада 21 рейс кешіккен. Қазір әуежайдың бар қызметі жұмысын күшейтіп жатыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.