Синоптиктер: Биыл көктем ертерек келеді
Қыс бар қаһарын көрсеткенімен, көктемнің де ауылы алыс емес. Синоптиктер алдағы көктем еліміздің барлық аймағында ерте келеді деп отыр.
Автор: Айжан Шамшидин
16.02.2024
Ал сәуір айында тіпті күн райы қалыпты жағдайдан +5 градусқа жоғары болады екен. Аяздан мезі болған солтүстік жұрты бұл жаңалыққа қуанары сөзсіз. Наурыз айының басында солтүстік, шығыс пен орталық Қазақстанда қар біртіндеп еріп, ауа температурасы +2 +7 градусқа көтеріледі.
Ал оңтүстік пен батыстағы ағайын көктемнің басында-ақ қабат-қабат киімін шешіп, жеңіл күртешемен жүретін болады деп отыр синоптиктер. Себебі мұндағы ауа температурасы наурыздың басында +5- +10, ал аяғында +10,+18 градусқа дейін жылиды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!