ЕАЭО елдері ішінде азық-түлік бағасы едәуір қымбаттаған — Қазақстан
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер ішінде Қазақстанда азық-түлік бағасы ең қатты қымбаттаған. Әсіресе ет пен нанның, сүт пен кондитерлік өнімдердің бағасы едәуір көтеріліпті.
Автор: Айжан Шамшидин
16.02.2024
Беларусь пен Ресейде де қымбатшылық қысып тұр. Дегенмен салыстырмалы түрде елімізде күнделікті жұрт тұтынатын тауарлардың бағасы әлдеқайда жылдам өскені байқалады.
Айта кетерлігі, дүкен сөрелерінде бағасы күн сайын құбылған өнімдер импортқа тәуелді емес, өз жерімізде өндірілетін тауарлар.
Азық-түліктің қымбаттауы бойынша Қазақстан былтыр да тізімнің көш басында болыпты. Бір ғана мысал, 2023 жылы сүт өнімдері елімізде бірден 24 пайызға қымбаттаса, Ресейде - 2,6, ал Беларусьте 9 пайызға өскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!