{metadescription}
«Визасыз режим». Елімізде Қытай мен Үндістаннан келген туристер көбейген
«Визасыз режим». Елімізде Қытай мен Үндістаннан келген туристер көбейген

«Визасыз режим». Елімізде Қытай мен Үндістаннан келген туристер көбейген

Елімізге Қытай мен Үндістаннан келген турист саны едәуір артқан. Оның себебін туризм және спорт министрлігі еліміздің қос мемлекетпен визасыз режим енгізумен түсіндірді.

Мәселен, 14 күндік визасыз режим күшіне енгелі Қытайдан ағылған туристер саны 12 рет өскен. Ал үндістандықтардың нөпірі үш есеге ұлғайыпты.

Жалпы Қазақстан бас-аяғы 82 елмен визасыз режимдегі қарым-қатынаста. Айта кетейік, 10 қарашадан бастап Қытаймен жаңа келісімге қол жеткіздік. Оған сәйкес, қос елдің азаматтары шекарадан өту кезінде қолында тек төлқұжаты мен көлік билеті болса жеткілікті.

Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

Елдің халықаралық ашықтығы шетелдік туристердің өсуіне оң әсер етеді. Қазақстан 82 елмен визасыз режимде қарым-қатынаста. Соның ішінде Қытай, Үндістан сияқты туристік нарығы ірі елдер бар. Біз бұл елдерден келушілердің айтарлықтай өскенін көріп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде