Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына — 35 жыл
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына — 35 жыл. Осыған орай ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл Алматыдағы әскери институт курсанттарымен кездесіп, жас ұрпаққа майданда бастан өткерген естеліктерімен бөлісті.
Автор: Ақтоты Жұмабек
16.02.2024
Бақытбек Смағұл, Ауған соғысының ардагері, Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы:
— Бұл күн елге ағылған осыдан 35 жыл бұрынғы темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын іздеп жоқтаған күні. Күннің бейбітшілігін, аспанның ашықтығын, сәбилеріміздің тыныш ұйқысын, күміс күлкісін қалайтын болсақ, ал оған қорған болатын кім? Осы азаматтар.Бұларды, міне, қазіргі таңда біз сияқты өмір көрген адамдар рухтандыру керек. Бұлардың санасы өзгеру керек.
10 жылға ұласқан әскери қақтығысқа елден 22 мыңнан аса сарбаз аттанған. Олардың мыңға жуығы ауған даласында ерлікпен қаза тапты. Сол сұрапыл соғыста қазақ сарбаздары сан мәрте ерліктің ерен үлгісін көрсетті.
Бүгінде майдангерлер жас ұрпақты патриотизмге баулуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Жиі-жиі кездесу өткізіп,өмірден көргені мен түйгенін жастармен бөлісуді дәстүрге айналдырған.
Мирас Төлесаринов, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері институтының курсанты:
— Әрине Ауған соғысы жүректе жазылмайтын, тарихта мәңгі сақаталатын оқиғалардың бірі. Оқ пен оттың ортасында арпалысқан ардагерлеріміз үшін Ауғанстан жазылмайтын жара болып қалды. Ардагерлерімізді еске ала отырып, жат жердегі азаматтарымызды қадірлеп және де патриоттық сезімге тәрбиелеу деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!