{metadescription}
«Ескендір Хасанғалиевті еске алу». Алматыда бокстан ашық турнир басталды
«Ескендір Хасанғалиевті еске алу». Алматыда бокстан ашық турнир басталды

«Ескендір Хасанғалиевті еске алу». Алматыда бокстан ашық турнир басталды

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир басталды.

Алғаш рет ұйымдастырылған спорт сайысына 11-18 жас аралығында 150 жасөспірім қатысып, 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Сондай-ақ байрақты бәсекеде Қырғызстан, Монғолия, Израиль елдерінен келген спортшылар да қолғап түйсітірді. Турнирдің салтанатты рәсімінде «Атамекен» әні орындалып, көрермен қосыла шырқады. Жас спортшыларды қолдауға Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы, Дарико Хасанғалиева арнайы келіп жылы лебізін білдірді. Турнир үш күнге созылады. «Бұл бәсеке шаршы алаңға енді ғана шыққан балаларға үлкен тәжірибе» - дейді ұйымдастырушылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде