{metadescription}
Алматы облысында ер адам үйде қараусыз қалған бүлдіршіндерді қорлаған
Алматы облысында ер адам үйде қараусыз қалған бүлдіршіндерді қорлаған

Алматы облысында ер адам үйде қараусыз қалған бүлдіршіндерді қорлаған

Бірінің бетін, екіншісінің ернін тіліп азаптаған. Алматы облысында 47 жастағы ер адам төрт баласы бар үйге баса-көктеп кіріп, кішкентайларды әбден қорлапты. Аяқ-қолын байлап, тамағына пышақ кезеген. Жан дауысы шыққан балаларды көршілері бірінші болып естіп көмекке жеткен. Бұл уақытта анасы көрші ауылда жүріпті.

Қаскөй де алыстан келмеген сыңайлы. Өйткені осы үйге келіп жүретінін талай көрдік дейді көрші-қолаң. Жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсарын КТК тілшісі біліп келді.

Міне байлап тастапты, мына көршінің баласын.

Көзімді көгертті.

Бізді пышақпен қорқытты. Аты Бақытжан.

Сұмдық оқиға кеше кешкі сағат алты шамасында Жамбыл облысындағы Балғабек ауылында болған. Үлкендердің қарауынсыз отырған төрт балалы үйге ер адам баса-көктеп кіріп келіп, бүлдіршіндерді әбден қорлаған. Ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап қылқындырған. Кенже ұлының көзін оңдырмай көгертіп, ортаншысының бетін тіліпті. Тағы бірінің ернін кескен.

Үш ұл бала мен бір қыздың шырылдаған дауысын естіген көршілері жүгіріп келіпті. Күдікті сол сәтте қашып үлгерген. Балалардың үлкені 13 жаста. Қалғаны 12, 10 және 8 жасар. Күдікті олардың тамағына пышақ тақап қорқытып, тіпті зорламақ болыпты.

Жадыра Жанабаева:

Педофилдің келгенін көрдік. Көршілермен жабылып жеткенше қашып үлгерді. Есіктен кірген ғой, анасының үйден шығып кеткенін көріп. Ал терезені, балаларды құтқарамыз деп көршілер сындырды.

Інжі Орынбаева:

Мамасы науқас, ауырам дейді. Күйеуі бар-жоғын білмемін. Төрт баласы бар. Жас келіншек жоқ қой. Балалары тәртіпті, мамасы ауырса тамағын пісіріп береді. Бәрін істейді. Мамасы қайда болғанын білмеймін. Өзі жақында ауруханадан келді

Қазір аталмыш оқиға болған үйдің есігі жабық, терезесінің әйнегі сынған күйі тұр. Көршілерінің айтуынша, бұл отбасы мұнда былтыр жазда көшіп келіпті. Әкесі болмаған. Анасы төрт баланы жалғыз асырайды. Оқиға болған кезде әйел көрші ауылға ыдыс сатуға кетіпті.

Сұмдық жағдайдан кейін балалардың төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, басы мен бетінен жарақат алған кенже ұлын облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Қалғанын амбулаториялық емге жіберген.

Серік Оралов, ШЖҚ «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» МКК дәрігер-хирургі:

Бір баланың сол жақ бетінде жарақаты болған. Өткір затпен кесілген. Екінші баланың ерні кесілген. Ең кіші бала, 8 жасар бала, оның сол жақ беті түгел жарақат. Басы шайқалған. Басынан жарақат алған деп, облыстық балалар ауруханасына жібердік.

Психикалық шок алған балақайлардың анасымен тілдесе алмадық. Қоңырауымызға жауап бермеді. Округ әкімі күдікті азамат әйелдің ашынасы болуы мүмкін деген болжам жасады.

Шыңғыс Бабагелдиев, Тұран ауылы округінің әкімі:

Жұмыс істемейді. Екінші топтағы мүгедек болғаннан кейін балалардың жәрдемақысымен күн көреді. Ол азаматты танымаймыз. Бір-екі рет келген деп айтты, өзі, кеше, әйел адам. Ауылға бір-екі рет келіп, не істеп кеткен деді.

47 жастағы күдіктіні полицейлер жаппай-тұрмай іздеп, ақыры қолға түсірді. Бұрын адам зорлаған үшін сотты болған азамат көрші ауылдағы үйлердің біріне жасырыныпты.

Бауыржан Әленов, Алматы облысы ПД бастығы:

Қазір аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Балаларды зорлау фактісі болған-болмағаны әзірге белгісіз. Барлығы тергеу кезінде анықталады. Белгілісі, 47 жастағы күдікті Түркістан облысы Кентау аулының тұрғыны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде