{metadescription}
«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты
«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатты. Бұған қордағы алтын рудасының таусылуы себеп болған. Дегенмен жер астында алдағы алты жылға дайындалған миллион тоннадан астам шикізат бар. Бірақ оны шығаруға рұқсат жоқ.

Себебі, қаңтардың басында шахтада апат болып, салдарынан кен орнындағы жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді мыңнан астам адам мүлде жұмыссыз қалуы мүмкін. Естеріңізге салайық, жыл басында кеніште жер опырылып, шұңқырға 4 құқарушы мінген автобус құлап кеткен. Екі адамның денесі сол кезде табылып, жерленді. Тағы екі құтқарушы мен автобус сол күйі табылмады. Жергілікті шенділер кен байыту фабрикасының жұмысы сәуірде жалғасады деп болжап отыр. Ал, ол уақытқа дейін жұмыссыз қалған кеншілердің тағдыры не боларын 1-2 күнде шешеміз деп уәде берді.

Абылай Сабыров, Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

2024 жылдың 22-23 ақпанында жоспарлау бойынша фабриканың жұмысы тоқтатылады. Бүгінде тоқтату бойынша жұмыс жүргізілуде. Жұмыскерлер 50 пайыз жалақы алады және оның саны бойынша ақпарат аптаның соңында жолданады. Толықтай жұмыс тоқтатылмайды. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде