{metadescription}
«Қатынас үзілген». Көкпектіде төтенше жағдай жарияланды
«Қатынас үзілген». Көкпектіде төтенше жағдай жарияланды

«Қатынас үзілген». Көкпектіде төтенше жағдай жарияланды

Абай облысының Көкпекті ауданында қалың жауған қарға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл жақтағы ауылдармен қатынас тоқтаған. Бірнеше күннен бері толастамаған ақтүтек бораннан жүзден аса адам жолда қалып құтқарылған еді. Жетісу мен Жамбыл облыстарында да бірқатар жол бораннан жабық. Ал солтүстік пен шығыс аймақтарда аяз бірнеше күннен бері сынбай тұр. Соған байланысты алты облыстың орталығында оқушыларға сабақ тоқталыған.

Абай облысында ақтүтек боранда қалған жұртты құтқару екі тәуілікке жалғасты. Көкпекті- Қалбатау бағытындаға тас жолда жүзден астам көлік тұралап қалған еді. Құтқарушылар ақыры қар астындағы қарашаға жете алмай тікұшақ жұмылдырылды. Қазір далада қалған көліктерді қыздырып, оталдыру жұмыстары жалғасып жатыр. Ал қар астында түнеген 400 адам үсіп қала жаздаған.

Бірінші Алланың ісі, осы құтқарушылардың арқасы. Көзімізге жас келді. Өлген адам болып қалып едік, тірілдік сол жерде.

Борай жауған қар көкпектіліктердің тіршілігін тұралатып тастады. Ауданда түскен ақ ұлпаның қалындығы бір метрге жетті. Қазір Көкпекті ауданында төтенше жағдай режимі енгізілген. Себебі елдімекендермен қатынас үзілген. Мамандар төрт ауылдың күре жолын қардан аршып жатқандарын жеткізді.

Жетісу облысында да боран басылмай тұр. Көктұма мен Достық бекетінің арасындағы трасса жабық. Көліктер кептеліп тұрмас үшін арасында тізбектеп қана жіберіп жатыр.

Қарағанды облысында боранда адасып кеткен малшы төрт күннен кейін табылды. Жылқысын іздеуге шыққан оның көлігінің жанармайы таусылыпты. Ақтүтек боран мен аязда үсіп қалмау үшін көлігін тастап жақын маңдағы қыстаққа жаяулап жеткен. Байланыс жоқтығынан ешкімге хабар бере алмапты. Малшыны іздеуге тіпті тікұшақ та тартылған.

Екі апта бойы бораны басылмаған Ақтөбе өңірінде қазір керсінше күн ашық. Есесіне жаңбырдан кейінгі тайғақта облыс орталығында коньки тебуге болады.

Дәмір Меңдібеков, Ақтөбе облыстық ауруханасының дәрігер-нейрохирургі:

Жарақат бөліміне 243 адам шағыммен келді. Оның 111-і көк мұздың тайғанау кезінде жарақат алғандар. Соның барлығы 229 амбулаториялық емге жіберілді. Қалған 14-і стационарлық деңгейге көтеріліп, сол ем-домын қабылдап жатыр. 

Ақмола облысында да ақ түтек боран соңы үскірік аязға ұласты. Ауаның температурасы 27-30 градусқа дейін төмендеп кетті, Бет қаратпайтын аязда дизель отынымен жүретін көліктердің үлкен жолға шығуына соңғы екі күн бойы шектеу қойылды. Аптаның алғашқы күнінде оқушылар мектепке бара алмады. Тек Көкшетау оқушылары ғана емес, Қостанай, Петропавл мен Павлодар, Қарағанды, Өскемен оқушылары да күннің күрт суытуына байланысты қашықтан оқып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.