"Бозашы мұнай" компаниясына 350 миллион айыппұл салынды
Маңғыстаудағы "Бозашы мұнай" компаниясына 350 миллион теңге айыппұл салынды. Себебі бұл кәсіпорын қоршаған ортаға метан мен мұнай өнімдерін шектен тыс таратқан.
Автор: Әйгерім Ашықбаева
19.02.2024
Өткен жылдың маусым айында ұңғыма бұрғылау кезінде өрт шығып, экологиялық апат болған. Қаратұрын кен орнында тұтанған тілсіз жау 200 тәуліктен кейін әрең сөндірілген болатын. Сол кезде ауаға улы метан газы қалыпты жағдайдан 480 есе көп таралыпты. Сондай-ақ топырақтағы мұнай өнімдерінің өлшемі де артқан. Осыдан кейін тексеріс жүргізген Экология департаменті компанияға қомақты айыппұл салды. Сондай-ақ қоршаған ортаны ластағандар экологиялық залалды жоюы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!