Қарағандыда бір түнде екі жерде газ баллоны жарылды
Қарағандыда бір түнде екі жерде газ баллоны жарылды. Бірі көлік жөндеу станциясында орын алды. Қайта түн ішінде онда ешкім болмаған. Ал тұрғын үйлердің біріндегі апатта екі адам зардап шекті. Ондағы жаралыстың күшінен екі отбасыға арналған үйдің тас талқаны шығыпты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
19.02.2024
Иван Кирикович:
— Гүрс ете қалды. Бізге қарай тастар ұшты. Бірден суып кетті. 37 градус суық болды ғой. Алдымен кішкене қызымды алып шығып көршіге апардым. Содан кейін үлкен қызым мен енемді шығардым. Соларды шығарып жатқанда көршім айғайлады. Үйінді астында оның қолы ғана көрініп жатты.
Қос пәтерлі үйдің газ жарылған жағынан түк қалмаған. Көрші баспананың да талқанын шығарыпты. Қабырғаға жақын жатқан егде жастағы әйел мен 16 жастағы қыз баланы құдай сақтапты. Құлаған қабырға мен төбені іргедегі шифонер көлегейлеп қалған. Үй иесі мен оның жұбайы үйінді астынан өздері шығыпты. Ал апат ошағындағы пәтерде жалғыз тұрған 58 жастағы азаматтың денесі 40 пайызға күйген.
Қазір ол және көршінің қызы ауруханада жатыр. Жағдайы орташа. Жұпыны да жалғыз баспанасы күл болғандар қақаған аязда туыстарын паналап қалды.
Осы түнде қаланың екінші шетінде көлік жөндеу сатансасында да жарылыс болды. Ол жерде бірден төрт баллон атылған. Құтқарушылар ғимараттан тағы 9 баллон алып шықты.
Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы:
— Бәрінде де осы жаралыстардың себептерін анықтау бойныша істер қозғалған болатын. Олар біздің тарапымыздан ішкі істер органдары қызметкерлерімен істер қозғалынды. Анықтау жұмыстары қазіргі кезде жүргізіліп жатыр. Жалпы айтсақ әр жерде өздерінің кемшіліктері бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!