{metadescription}
Астанада жиһаз қоймасының 500 шаршы метрі өртеніп кетті
Астанада жиһаз қоймасының 500 шаршы метрі өртеніп кетті

Астанада жиһаз қоймасының 500 шаршы метрі өртеніп кетті

Астанада жиһаз қоймасы өртке оранды. Тұтанған отты күзетші байқап, өрт сөндіру қызметіне хабарлаған.

Олар да дереу жеткенімен, лезде күш алған жалын 500 шаршы метр аумаққа таралып үлгеріпті. Цехтың ішіндегі бұйымдардың дені көбіне ағаштан жасалғандықтан, оттың күш алуына сол себеп болған. Зардап шеккендер жоқ. Өйткені, өрт таңғы уақытта тұтанғандықтан, қоймада адам болмаған. Ал тілсіз жаудан дүниесі күйіп кеткен кәсіпкерлерге өтемақы беріле ме, жоқ па, ол өрттің неден тұтанғаны анықталғаннан кейін шешіледі.

Саят Қажымов, Астана өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:

19 ақпан күні сағат 08:44-те Көктал 28 мекендайы бойынша хабарласа келіп түсті, ангар өртенді деген. Бірінші күш пен құралдар он минутта жетті. Жалпы ғимараттың көлемі 800 шаршы метр. Өрт аумағы 500 шаршы метр. Өрт орнында 54 адам жеке құрам. 12 техника жұмыс істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде