{metadescription}
Алматыдағы өртенген қоймада жарылғыш тауар сақталған
Алматыдағы өрт шыққан базардың қоймасында жарылғыш, жанғыш тауар сақталған. Дәлірек айтқанда, баллондағы бояулар мен электросымдар, электросамокаттар болған.
Автор: Әсем Лесбек
19.02.2024
Өрт сөндірушілер алдымен қойманы қоршап, газ баллондарын шығарған. Кейін от тимеген материалдарды қауіпсіз жерге тасыпты. Қойманың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр. Сенбінің таңында тұтанған тілсіз жау соның 2300 шаршы метрін күлге айналдырған. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Шығын көлемі де әлі толық есептелмепті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!