{metadescription}
Каспий жағалауында 3,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Каспий жағалауында 3,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Каспий жағалауында 3,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Каспий жағалауындағы құны 30 миллиард теңге тұратын 3,5 мың гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды. Теңіз жағасындағы ең шұрайлы жер бұған дейін жеке қолға өтіп кеткен.

Атшаптырым аумақтың заңсыз сатылғанын прокуратура қызметкерлері анықтады. Яғни құны 30 миллиард теңгеге бағаланатын “Кендірлі құмқайыры” деп аталатын аумақ осыдан 16 жыл бұрын мұнай компанияларының біріне сатылған. «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясы бұл жерге сауықтыру кешенін салуы керек еді. Алайда олар әу бастағы жоспардан ауытқып жеке компанияға 3,3 миллиард теңгеге сатып жіберіпті. Енді осы іс экономикалық сотта қаралып, келісім-шарт жарамсыз деп танылды.

Мерген Меңдіғалиев, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма басшысы:

Заңдылықты қадағалау шеңберінде бұл жер учаскесінің жер орналастыру жобасынсыз және жер комиссиясының рұқсатынсыз жеке меншікке берілгенін анықтадық. Бұл өрескел заңды бұзу. Осыған орай уәкілетті органға прокуратурамен ұсыныс енгізілді. Уәкілетті орган сотқа талап-арыз беріп, соттың шешімі шықты. Жер учаскесі қайтарылды. Сот шешімі күшіне әлі енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде